Сұлу болу үшін лимонды пайдалану керек Косметикалық құралдар пайда болмай тұрғанда арулар бет күтімі үшін лимонды пайдаланған. Лимонның пайдасы өте көп. ✅ 1. Беттегі безеу, бөртуден арылу үшін күніне бірнеше рет бетті лимонмен сүртіп тұрыңыз. Мұны әсіресе жазда жиі жасау керек. ✅ 2. Құрғақ бетті нәрлендіріп, жасарту үшін лосьон жасауға болады. Ол үшін 120-140 мл кілегей, жұмыртқа сарысы мен 1 шай қасық балды араластырыңыз. Қоспаға бірнеше ас қасық арақ пен 1 ас қасық лимон шырынын қосыңыз. ✅ 3. Лимон қалыпты және майлы бет терісін тазартуға көмектеседі. Ол үшін лимонды үккіштен өткізіп, жарты стақан арақ құйыңыз. Бұл қоспаны 5 күн бойы қараңғы жерде тұндыру керек. Уақыт өткен соң 1 қасық глицерин қосып, қоспаны сүзіп алыңыз. ✅ 4. Безеу, бөртуді емдеп, майлы бетті қалыпқа келтіргіңіз келсе, арақ пен лимон шырынының тұнбасын пайдаланыңыз. Тұнған қоспаны мұздатқышқа салып, күн сайын пайдаланыңыз. ✅ 5. Секпілді жасыру үшін лимон шырынын қайнаған суға араластырыңыз. Бұл лосьонмен таңертең және кешке сүртініп тұрыңыз. Аталған лосьон, қоспаларды пайдаланудың алдында бетті толықтай тазартып алыңыз.

Теги других блогов: лимон сұлу болу лоьсон